Топ болып адам зорлаған бұрынғы прокуратура қызметкері мен банкир 8 жылға түрмеге қамалады

Зорлау 2019 жылы болған


09/02/2021
16:43 46250 0

Фото: informburo.kz

 

Бұрынғы прокуратура қызметкері Тимур Тілембаев пен экс-банкир Қанат Әлиқұлұлы топ болып қыз зорлағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. 

 

ҚазТАГ-тың хабарлауынша, Алматы Бостандық ауданы соты оларды екі бап бойынша соттаған:  Қылмыстық кодекстің 120-1-бабы («Зорлау, яғни жәбірленушіге не басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау») және 121-2-1-бабы («Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған зорлық»). 

 

Сонымен бірге айыпталуышылар жәбір көрген қызға моральдық өтемақы ретінде 1,5 миллион теңгеден төлейтін болды. 

 

Зорлау 2019 жылы болған, бірақ іс сотқа тек 2020 жылғы тамызда жеткен. Қыздың (есімі аталмайды) адвокаты Жанар Оразбақованың сөзінше, екінші деңгейдегі банкінің топ менежері түнде қызды үйіне шақырған, бірақ оған басқа адамдар келетінін айтпаған. Олар таңға дейін қызға жәбір көрсеткен. Сараптама оның түрлі жарақат алғанын, денесі бірнеше жерден көргергенін анықтады. 

 

Адвокаттың айтуынша, сотталғандар қызға арызын қайтарып алуы үшін ақша ұсынған.

Поделиться

Нет комментариев.

09/02/2021 16:43
46250 0

Уведомление